Алматыда ер адамды аңшы мылтығымен атып кетті

Алматыда ер адамды аңшы мылтығымен атып кетті
polisia.kz

Алматыда адам өлтіру қылмысы ізін суытпай ашылды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Аса ауыр қылмыс бүгін таңертең қаланың Бостандық ауданында болды. Хабарлама сағат 08:59-да «102» пультіне келіп түсті. Аңшылық мылтықтан 1975 жылы туған Ш. есімді азамат кісі қолынан көз жұмды.

– Бұл қылмыстың беті ізін суытпай ашылды. Күдікті қалада енгізілген «Ұстау» арнайы жоспар барысында Алматы қаласы Алатау ауданы аумағында құрықталды. Қылмыстық қару тәркіленді. Кісі өлтіру себебі анықталуда, – деді Алматы қалалық Полиция департаментінің басшысы Қанат Таймерденов.