Түркістан облысында жол апатынан үш адам қаза тапты

Түркістан облысында жол апатынан үш адам қаза тапты
Қазақпарат

Түркістан облысында автобус пен жеңіл көлік соқтығысты. Жол апатынан 3 адам қаза тауып, 4 адам жарақаттанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, жол-көлік оқиғасы бүгін Сарыағаш-Шымкент тас жолында болған. Полиция қызметкерлері анықтағанындай, сағат 19:00 шамасында 30-ға жуық жолаушысы бар «Yutong» маркалы автобус Шымкентке бара жатқан. Қозғалыс жолағына қарсы беттен шыққан «Audi 100» маркалы автокөлігі келіп соғады. «Жол-көлік оқиғасы салдарынан «Audi 100» автокөлігінің жүргізушісі мен 2 жолаушысы оқиға орнында көз жұмды. Автобустың 4 жолаушысы түрлі дене жарақатымен аудандық ауруханаға жеткізілді. Қазіргі уақытта оқиғаның толық мән-жайы мен қайтыс болғандардың жеке-басы анықталып жатыр» – делінген полицияның хабарламасында.