Көлік нөмірін ұрлап, иесіне қайта сатқан – Алматы

Көлік нөмірін ұрлап, иесіне қайта сатқан – Алматы

Алматыда көліктің мемлекеттік нөмірін ұрлап, ақша талап еткен азамат ұсталды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Күдікті Қарағанды тумасы. Алматыға бір апта бұрын барған. Ол тұрғын үйдің ауласындағы көліктердің нөмірін шешіп алып, иесіне 10 мың теңге берсе, қайтаратыны туралы хат қалдырған. Әуезов аудандық полиция департаменті мамандарының айтуынша, күдіктінің осындай 7 ұрлыққа қатысы бар екені анықталды. Өзге қылмыстарға қатысы бар-жоғы анықталып жатыр. Белгілі болғаны ұсталған азамат бұған дейін көлік нөмірін ұрлағаны үшін екі рет қылмыстық жауапқа тартылған.