Елордадағы электроника дүкендерін тонаған азамат ұсталды

Елордадағы электроника дүкендерін тонаған азамат ұсталды

Елордадағы электроника дүкендерінің бірінде 410 мың теңге тұратын ноутбукты қолды еткен азамат ұсталды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Күдіктінің тапа-тал түсте бағалы затты қойнына тығып, алып кеткені бейнекамераға түсіп қалған.

Ол  сауда үйлерінің тағы біріне кіріп, жалпы құны 187 мың теңге болатын сымсыз құлаққап пен модельдерді де іле кеткен.

Іздеу шаралары нәтижесінде, полицейлер бұрын сотты болған 41 жастағы азаматты анықтады. Ол кінәсін мойындап отыр.

Қазір оқиға бойынша қылмыстық кодекстің 188-бабымен сотқа дейінгі тергеу басталды.