Төребаев пен Шерниязов екі айға қамалды

Төребаев пен Шерниязов екі айға қамалды

Алматы қаласының тергеу соты танымал вайнерлер Мейіржан Төребаев пен Мейірхан Шерниязовты қамауда ұстау мерзімін екі айға дейін ұзартты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл туралы қалалық соттың баспасөз қызметі мәлімдеді. Судья бұлтартпау шарасын қайта қарап, сотқа дейінгі тергеу органдарының өтініші қанағаттандырылды. Әзірге қаулы заңды күшіне енген жоқ. Төребаев пен Шерниязов Mudarabah Capital қаржы пирамидасына қатысты қылмыстық іс бойынша күдікті ретінде танылған. Әуелі «кепілмен» босатылған вайнерлер, кейін 10 тәулікке қамалған еді. Енді қамауда ұстау мерзімі тағы ұзартылды. Жалпы өзін инвестициялық компания ретінде жарнамалаған Mudarabah Capital 162 салымшыдан 5 млрд теңгеден астам ақша жинаған. Құрғақ уәдеден әбден шаршаған тұрғындар полицияға арызданған болатын.