Павлодарда егде жастағы қария төртінші қабаттан құлап кетті

Павлодарда егде жастағы қария төртінші қабаттан құлап кетті
Рavlodarnews.kz

84 жастағы ер адам төртінші қабатта орналасқан өз пәтерінің терезесінен құлап түскен, деп хабарлайды Рavlodarnews.kz.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 9 мамыр күні сағат 02:50-де Павлов көшесіндегі үйдің жанында зорлық-зомбылықпен өлімнің сыртқы белгілері жоқ тұрғынның денесі табылған.

Аталған факті бойынша тексеру жүргізілуде.

Сараптама тағайындалды.