Оралда жолаушылар пойызы ер адамды қағып кетті

Оралда жолаушылар пойызы ер адамды қағып кетті
inform.kz

ІІМ Көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, оқиға бүгін, 28 мамырда Желаев-Орал өткелінің 126-шақырымында болды.

Ер адам оқиға орнында сол бойда көз жұмды. «28 мамыр күні аталған дерек бойынша Орал станциясындағы желілік полиция бөлімінде ҚК 344-бабы 2-бөлігіне (абайсызда адам өліміне әкеп соққан теміржол көлігі қозғалысының қауіпсіздік қағидаларын бұзу) сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды», – деп хабарлады ведомстводан.

Қазіргі кезде қажетті тергеу амалдары жүргізілуде. Өзге ақпарат Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабының талаптарына сәйкес тергеу мүддесіне орай жариялауға жатпайды. БҚО денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі жедел жәрдемге шақыртудың сағат 09.50-де түскенін жеткізді.