ШҚО-да марихуана өсірген тұрғын анықталды

ШҚО-да марихуана өсірген тұрғын анықталды

Шығыс Қазақстан облысындағы ауылдардың бірінде марихуана өсірген тұрғын анықталды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Шығыс Қазақстан облысының полицейлері өсіруге тыйым салынған құрамында есірткі заттары бар өсімдіктерді заңсыз өсіру фактісінің жолын кесті. Тәртіп сақшыларымен республикалық «Қарасора-2022» ЖАІШ аясында жеке тұрғын үйінде дәрілік есірткі шөп өсірген Глубокое ауданы Бобровка ауылының 31 жастағы тұрғыны анықталды. 

Тінту барысында полиция қызметкерлері арнайы жабдықталған шкафтан марихуана өсімдіктерінің бұталары бар көптеген құмыраны тапты, сот-химиялық зерттеу олардың каннабис тобымен байланысын растады.

– Қазіргі таңда күдіктіге қатысты ҚР ҚК-нің 300-бабы 1-бөлігі (Құрамында есірткі заттар бар, өсіруге тыйым салынған өсімдіктерді заңсыз егіп-өсіру) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде, аталған бап бойынша екі жылға дейін бас бостандығынан айыру көзделген, – деп атап өтті ШҚО ПД бастығының орынбасары Талғат Шаяхметов.