Атырау стадионында футбол жанкүйерлері төбелесіп қалды

Атырау стадионында футбол жанкүйерлері төбелесіп қалды
inform.kz

Атырауда ел біріншілігінің ХІV туры аясында «Атырау» мен «Ақтөбе» футбол командалары кездесті. Ойын басталғанға дейін стадионға жиналған футбол жанкүйерлері төбелескен, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл туралы әлеуметтік желіде видео тарады. Облыстық ПД баспасөз қызметі жанкүйерлер арасында қақтығыстың болғанын растады. «Бүгін, 19 маусым күні сағат 17:55 шамасында «Атырау-Ақтөбе» футбол құрамаларының ойыны басталмас бұрын стадион алдында жанкүйерлер арасында қақтығыс орын алған. Полиция қызметкерлері қоғамдық орында құқық бұзушылыққа жол берген 30 адамды ұстады. Олар Атырау қалалық полиция басқармасына жеткізілді», – деліген

Осы оқиға бойынша полиция қызметкерлері тиісті құжаттарды жинақтап жатыр. «Әлеуметтік желіде тараған қару қолданылғаны туралы ақпарат шындыққа жанаспайды. Жалған ақпаратқа сенбеу, ресми органның мәліметіне жүгіну қажет екенін қаперге саламыз. Қақтығыс кезінде жанкүйерлердің қолында түрлі-түсті түтін шығаратын дыбысы бар зат болған», – деп мәлім етті баспасөз қызметінен.

Жанкүйерлер арасындағы жанжал кезінде ешкім жарақат алмаған.