Қызылордада мас күйінде көлік басқарған жүргізуші ұсталды

Қызылордада мас күйінде көлік басқарған жүргізуші ұсталды

Куәлігінен айырылған жүргізуші мас күйінде рөлге отырған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қызылордада жүргізуші куәлігінен айырылған тұрғын тағы да мас күйінде көлік басқарып ұсталды. Жедел басқару орталығының бейнебақылау камералары арқылы түнгі уақытта жол ережесін бұзған автокөлік анықталған. 49 жастағы жүргізушінің мас екені белгілі болды. Қазір тәртіп бұзған тұрғын уақытша ұстау изоляторына қамалып, автокөлік айып тұрағына қойылған. Енді сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.

ТҮРМЕДЕГІЛЕРГЕ ТРАМАДОЛ ТАСЫҒАН

Ақтаудағы түзету мекемесінің біріне тыйым салынған заттарды кіргізбек болған. Деструктивті діни ағым өкілі жазасын өтеп жатқан азаматқа темекінің арасына тығып 50-ге жуық дәріге ұқсас зат әкелген. Сараптамаға жіберілген дәрі-дәрмектің трамадол екенін анықталды. Мекеме қызметкерлері сәлемдемелердің жіті тексерілетінін айтады. Сондай-ақ тыйым салынған заттарды тасымалдамауды ескертеді.

ҚАРАСОРА ӨСІРГЕН ТҰРҒЫН ҰСТАЛДЫ

Шығыс Қазақстан облысының тұрғыны үйінде қарасора өсірген. Жедел алдын алу іс-шарасы кезінде Шемонаиха қаласының 48 жастағы тұрғыны ұсталды. Тінту барысында 300 граммнан астам кептірілген марихуана, 51 грамм каннабис тәркіленген. Қазір сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр.

АЛАЯҚ ҚОЛҒА ТҮСТІ

Түркістан облысында 800 келіден астам етті сатып беремін алдап кеткен алаяқ ұсталды. Бейтаныс әйел жәбірленушінің сеніміне кіріп, 310 келі жылқы мен 550 келі сиыр етін нарықтағы бағамен өткіземін деп кепіл ретінде 500 мың теңге қалдырып кеткен. Алайда тұрғын өзінің алданғанын біліп, тәртіп сақшыларына шағымданады. Жедел іздестіру кезінде Қазығұрт ауданының тұрғыны ұсталған. Қазір «алаяқтық» бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.

ЖОЛ АПАТЫНАН БІР ОТБАСЫ ЗАРДАП ШЕКТІ

Ақтөбеде жеңіл автокөлік пен жүк көлігі соқтығысып, салдарынан бүтін бір отбасы зардап шекті. Оқыс оқиға Ырғыз ауданы Құмтоғай ауылының маңы, Самара-Шымкент тас жолының бойында болған. Жеңіл көліктің 55 жастағы жүргізушісі қарсы бағытқа шығып кеткен. Зардап шеккен жүргізуші мен әйелі және кәмелет жасына толмаған үш баласы түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілген. Қазір тергеу жүріп жатыр.