Атырау облысында дизель отынын заңсыз сатқан ЖШС басшысы сотталды

Атырау облысында дизель отынын заңсыз сатқан ЖШС басшысы сотталды
www.pravda.com.ua

ҚМА Атырау облысы бойынша департаментімен «Азия ТЭГ» және «Евро-Азия ТЕМП» ЖШС-нің директорына қатысты іс тергеуі аяқталды.

ЖШС басшысы  2021 жылы Жылыой ауданының аумағынан  құжаттарсыз 3 мың тонна дизель отынын сатып алып, оны Маңғыстау облысына тасымалдап, барлығы 796,5 млн теңгеге өткізіп, заңсыз пайда түсірген.

Сонымен қатар, аталған тұлға «Евро-Азия ТЕМП» ЖШС-нің директоры бола тұра, 2021 жылы Жылыой ауданының аумағынан құжаттарсыз 3 мыңға жуық тонна дизель отынын сатып алып, оны Маңғыстау облысына тасымалдап, барлығы 990 млн теңгеге өткізіп, заңсыз пайда түсірген.

Сот үкімен аталған ЖШС басшысы кінәлі деп танылып, үш жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Рақымшылық жасау туралы ҚР Заңы негізінде үш жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы үштен бір бөлігіне қысқартылып, түпкілікті екі жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалған.