Банк мүлкін ұрлау дерегі бойынша тексеріс басталды

Алматыда «AsiaCredit Bank-те» мүліктің ұрлануына орай тексеріс басталды. Мұны Қаржылық мониторинг агенттігі растады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Тергеу аса ірі мөлшердегі алаяқтық бабы бойынша тіркелді. Қазір қылмысқа қатысы бар тұлғалар іздестіріліп жатыр. Бұған дейін әлеуметтік желіде банктен 25 млрд теңгенің дүниесі қолды болды деген ақпарат тараған еді. «AsiaCredit Bank» акционерлік қоғамы лицензиясынан 2021 жылдың 11 ақпанында айырылғанын айта кетейік.

Әлібек Әбділов, ҚР ҚМА ресми өкілі.

– Қаржылық мониторингтік агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаменті «АзиякредитБанкінің» мүлкін ұрлау дерегіне қатысты ҚР Қылмыстық кодекстің 190-шы бабы 4-бөлігі 2-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізуде. Қазір департамент пен ҚР қылмыстық процестік кодекстің 24-бабының талаптарын орындауға бағытталған тергеу шаралары жүргізілуде. ҚР Қылмыстық процесуалдық Кодексінің 20-бабына сәйкес, өзге мәліметтер жария етілмейді.