Елордада базар маңында қарулы адам әйелді тұтқынға алды

Елордадағы «Тұлпар» сауда орталығында қару ұстаған еркек әйелді тұтқынға алды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Кешкі сағат бес шамасында 102-ге осындай хабарлама келіп түсті. Қазір 47 жастағы ер азамат ұсталды. Одан қару тәркіленді. Ешкім зардап шеккен жоқ. Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Бұны қалалық Полиция департаменті баспасөз қызметі хабарлады.