Шымкентте 8 көлік соқтығысып, екі адам зардап шекті

Жиделібайсын және Шардара көшелерінің қиылысында HOWO маркалы көліктің тежегіші істен шығып, Газельді түйген, деп хабарлайды «Хабар 24».

Салдарынан соңғысында тиелген 4 тонна қарбыз жерге шашылып, кептеліс пайда болды. Жолдың тайғақтығынан тағы 6 көлік оқыс оқиғаға тап болды. Алдына ала мәлімет бойынша адам шығыны жоқ.