Атырау облысында жол апатынан көлік жүргізуші мерт болды

Атырау облысында жол апатынан көлік жүргізуші мерт болды
Атырау ОПД баспасөзі

Көліктегі бір жолаушы Мақат аудандық орталық ауруханасына түсті.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, жол-көлік оқиғасы бүгін, 17 шілдеде Мақат ауданының аумағында болған. Осы аудандағы Бәйгетөбе ауылы бағытындағы тасжолдың бұрылысында жергілікті уақытпен сағат 14:09 шамасында «Lada Priora» көлігі жол жиегіне аударылып қалған. Жол апатының салдарынан көлікті басқарған жүргізуші оқиға орнында мерт болды. Жүргізушінің жасы – 48-де. Ал көлікте отырған 1974 жылғы жолаушы әр түрлі дене жарақатын алды. Зардап шеккен жолаушы Мақат аудандық орталық ауруханасына жеткізілді. «Қазір Мақат аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері аталған жол-көлік оқиғасына байланысты тергеуді бастады. Тергеу ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабымен тергеу жүріп жатыр», – деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.