Павлодарда жылу электр станциясының трансформаторы өртенді

Павлодарда жылу электр станциясының аумағында трансформатор өртеніп, өнеркәсіптік аумақ қара түтінге оранды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қазір жағдай тұрақталды. Төтенше жағдайлар департаменті мамандарының хабарлауынша, жақын маңда орналасқан турбиналық цехтың кабельдері де отқа оранған.  Облыстық энергетика басқармасының өкілдері қаланы электр энергиясымен қамтуда кідіріс болмайды деді. Станция бірыңғай электр жүйесі бойынша жұмыс істеп жатыр.