Жамбыл облысында зейнет жасына жеткен тұрғын есірткі сатқан

Жамбыл облысында зейнет жасына жеткен тұрғын есірткі сатқан

Жамбыл облысында екі ер адамнан 267 келі марихуана тәркіленді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Шу ауданының екі тұрғыны есірткі тектес өсімдікті кептіріп жатқан жерінен полицейлер қолына түсті. Ұсталғандар кінәсін мойындап, уақытша тергеу изоляторына қамалды. Қазір аймақта есірткі қылмысына қарсы «Қарасора» жедел-профилактикалық шарасы өтіп жатыр.