ШҚО-да жоғалған бала табылмай жатыр

Өскеменде жоғалып кеткен 12 жастағы Тамирлан Ахмеджановты әлі іздеп жатыр. Облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, аутизм дертіне шалдыққан жасөспірім үйінен шығып кеткен, деп хабарлайды «Хабар 24».

Өскеменде аутизм дертіне шалдыққан жасөспірім 13 тамыздан 14 тамызға қараған түні сағат 2:30 шамасында саяжай аумағында орналасқан үйінен шығып кеткен. Қазір полиция қызметкерлері, құтқарушылар, ҚР Ұлттық Ұланының сарбаздары мен еріктілер, ұзын саны 500-ден астам 14 секторға бөлініп, баланы іздестіруде. Қызметтік көліктер және атты патрульдің көмегімен осы уақытқа дейін 1 мыңға жуық саяжай учаскесі мен көпқабатты үй мен жертөлелер тексерілді.