ШҚО-да жоғалған бала табылды

ШҚО-да жоғалған бала табылды

Шығыс Қазақстанда бір күн бұрын жоғалып кеткен 12 жастағы бала аман-есен табылды. Полиция қызметкері оны Өскемендегі Титан-магний комбинаты маңындағы көпір астынан алып шыққан. 

Мамандар болжауынша, бала шұңқырға құлап кеткен сияқты. Қазір оған медициналық көмек көрсетіліп жатыр. Сосын ата-анасына тапсырылады.

Айта кетейік, баланы 500 адам іздеді.