Марқакөл, Бобровка, Тасқайың: Шығыста өрт өршіп тұр – ШҚО

Шығыс Қазақстанда Алтай ауданындағы қызыл жалын ауыздықталмай жатып, енді Күршім ауданынан өрт шықты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл жақта ну орман жалынға оранды. Атап айтқанда, Марқакөл орман шаруашылығы, сонымен қатар Бобровка орманшылығы және Төсқайың ауылдық округі аумағы жанып жатыр. Өрттің алдын ала аумағы 300 га құрайды. Ең жақын ауыл Төсқайың оқиға орнынан 10 шақырым жерде орналасқан. Мамандар ол елді мекенге қауіп жоқ дейді. Өртті сөндіруге 114 адам, 17 техника жұмылдырылды. Өскеменнен тағы 46 адам, 6 техника аттанды. Жер бедерінің қиындығынан ол жерге жаяу немесе атпен ғана жетуге болады. Сондықтан қосымша МИ-2 тікұшағы мен Еурокоптер іске қосылды.

Айта кетсек облыста қазір Алтай ауданында да құтқарушылар  жалынмен арпалысып жатыр. Онда өрт аумағы 400 га-дан асты. Үшінші тәулікке ұласса да қураған шөптен тараған тілсіз жауды тоқтату қиын болып тұр. Өйткені ол жақта да Күршімдегідей өрт тау ішінде болғандықтан, арнайы техника жете алмайды. Онда 300 адам мен 24 техника жұмылдырылған.

Жадыра Аманғалиқызы, облыстық ТЖД басқармасының бас маманы:

– Біздің қызметкерлер Күршім ауданындағы Марқакөл орман шаруашылығы маңындағы құрғақ шөп пен бұталардың жаныуымен күресіп жатыр. Бұл жерде айта кететін жағдай, арнай техниканың жете алмауы, таулы аймақта болуы өртті сөндіруіге қиындық тудыруда,сондай ақ оған қоса ауа райы өрттің жылдам таралауына әсер етіп тұр.