Атырауда екі күннен бері ну қамыс жанып жатыр

Атырауда екі күннен бері ну қамыс жанып жатыр

Қызыл жалын 60 гектар аумақты шарпып үлгерді.  Өртті сөндіруге бүгін МИ-8 тікұшағы шығарылып, әуеден 33 рет су шашылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Десе де, батпақты жер болғандықтан отты толық өшіру қиынға соғып тұр. Төтенше жағдайлар департаментінің 31 қызметкері мен 10 техникасы, 1 су көлігі, сондай-ақ «Ақ жайық» табиғи резерватының 20 жұмысшысы мен 5 техникасы жұмылдырылған. Жауаптылардың айтуынша,  өрт «Ақ Жайық» мемлекеттік табиғи резерватының аумағына жетпеген.

Жасұлан Ақтаев, облыстық ТЖД басшысының орынбасары:

- Өрт ошағына жету жолдарын іздестіру кезінде батпаққа батып қалған «TREKOL» автокөлігі толық жанып кетті. Зардап шеккендер жоқ. Сондай-ақ елдімекендерге де қауіп төніп тұрған жоқ. Облыстық төтенше жағдайлар департаментінде штаб құрылды. Өрт сөндіру жұмыстары жалғасып жатыр.