Түркістанда заңсыз қару сақтаған тұрғын ұсталды

Түркістан қаласында екі тапанша мен оқ-дәріні көлігінде заңсыз сақтаған күдікті қолға түсті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Тәртіп сақшылары түнгі уақыттағы рейдтік іс-шара барысында көше бойынан күмәнді «ВАЗ» автокөлігін тоқтатқан. Тексеру кезінде көліктен, травматикалық тапаншаға ұқсас 2 дана қару мен оқ-дәрілер табылды. Полиция қызметкерлері қаруды айғақты зат ретінде тәркіледі. Ал жүргізуші бірден полиция бөліміне жеткізілді. Тергеу барысында, жас жігіттің жергілікті тұрғын екені анықталды.

Жандос Дәуренбек, қалалық ПБ анықтау бөлімінің анықтаушысы:

– Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 287-бабының 2-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады. Қазіргі таңда тергеу амалдары жүргізілуде. Оқиғаның толық мән-жайы тергеу барысында анықталады.