Ақтау әуежайына қатысты тексеру басталды

Маңғыстау облыстық бәсекелестікті қорғау және дамыту департаменті Ақтау әуежайына қатысты тексеруді бастады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ресми ақпаратта авиакеросин бойынша монополиялық жоғары бағаны белгілеу бөлігінде монополиялық жағдайды теріс пайдалану дерегі тіркелгені айтылады. Бұл, әуе билеттері бағасының қымбаттауына әсер ететін жайт. Егер, ол расталған жағдайда монополиялық табысы тәркіленіп, ірі көлемде айыппұл салынады. Ия болмаса қылмыстық жазаға тарту үшін жинақталған материал құқыққорғау органдарына жіберіледі.