Таразда базар өртенді

Тараздағы "Ауыл береке" базарынан таң атпай өрт шықты.

Жалын 22 сауда орнын шарпыған. Оның ішінде төртеуі 2 қабатты контейнерлер. Тілсіз жау 600 шаршы метр алаңға жайылған. Өрт базар шетінде орналасқан асхана аумағынан шыққан. Оқиға орнына 56 өрт сөндіруші мен 13 техника жұмылдырылды. Қазіргі уақытта жалын толық сөндірілген. Зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр.