Қарағанды облысында жүк пойызы рельстен шығып кетті

Бүгін таңғы сағат 06:00 шамасында Қарабас станциясы маңында жүк пойызы рельстен шығып кетті.

Қарағанды -Сұрыптау-Ақадыр бағытындағы пойыздың 14 вагоны жүруге жарамсыз болып қалған. Қазір қалпына келтіру жұмыстары қолға алынды. Аяқталған соң сапар жалғасады. Абырой болғанда ешкім зардап шеккен жоқ.