СҚО-да жол апатынан төрт адам қаза тапты

СҚО-да жол апатынан төрт адам қаза тапты
24.kz Иллюстративті фото

Жол апаты 4 бірдей адамның өмірін қиды.

Қайғылы жағдай бүгін таңғы 06:00-де Петропавл – Көкшетау бағыты бойындағы Рощинское ауылы маңында болған. Полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша «Toyota Land Cruiser» мен тіркемесімен келе жатқан «Audi» көліктері бетпе-бет соқтығысқан. Жүргізушілер де, жолаушылар да сол жерде жан тапсырған.  

Нұрбек Баекин, облыстық ПД баспасөз қызметінің инспекторы:

- Сотқа дейінгі тергеп тексерудің біріңғай тізіліміне тіркелді. Сонымен қатар сараптамалар тағайындалды. Істің мән-жайын жан-жақты зерделеуге бағытталған тергеу әрекеттері жүргізілуде, олардың нәтижелері бойынша түпкілікті процессуалдық шешім қабылданатын болады.