Жамбыл ауданы Қызылқайнар ауылы маңына жүргізілген электр сымын біреулер ұрлап кеткен

Жамбыл облысында жаңа аудан жарықсыз қалуы мүмкін, деп хабарлайды «Хабар 24».

Себебі Жамбыл ауданы Қызылқайнар ауылы маңына жүргізілген ұзындығы 2 шақырымдық электр сымын біреулер ұрлап кеткен. Онымен қоса олар бағананы құлатып, кәріз қақпақтарын да қолды қылған. Жалпы жаңа ауданға 1 жыл бұрын облыстық бюджеттен 375 млн тг бөлініп, инфрақұрылым тартылған. Сол жылы 222 тұрғын-үй учаскесі кезекте тұрғандарға таратылған. Бірақ ауданда күзет болмаған соң, ұрылар ұрымтал тұсты пайдаланған. Қазір осы жайтқа байланысты қылмыстық іс қозғалды. Әзірге шығын көлемі белгісіз.

Айта кетерлігі, мұндай ұрлық дерегі 2 ай бұрын Тараздағы Көлтоған шағын ауданында да болған еді.

Әлия Өтегенова, Қызылқайнар ауылының тұрғыны:

- Кіші қалашық сияқты ауыл болатын болып, қуанып отырғанбыз. Енді сымды ұрлап алып кетіпті. Мен ойлаймын ауданның әкімі ауыл өзіміздің ауылдың әкімдігі оны қолға алып қадағалау керек қой.

Нұрлан Несіпбеков, Жамбыл ауданы әкімінің орынбасары:

- Ұрлаған адамдар, жаңағы, сиптың бір шетін үзген. Сөйткенда оны трактормен тартқан. Трактормен тартқан кезде, 1,7 м желі жұлынған. Қазір тергеу жұмыстары толық аяқталса, табылып, солардың есебінен шығын өтелу керек қой.