Алматының патрульдік полицейлері ірі есірткі сатушыны ұстады

Күдікті Ақсай ықшам ауданындағы тұрғын үйлердің ауласында Боран патрульдік экипажын көрген бетте тұра қашқан, деп хабарлайды «Хабар 24».

Тәртіп сақшылары оны  дереу қолға түсірді. Ол өзімен бірге есірткі ұстап жүргенін мойындады. Әуезов аудандық полиция бөлімінің тергеу-жедел тобы ұсталған азаматты жеке тінту барысында ұнтақ зат салынған 80 дана түйіншек тәркіледі. Күдікті мұны синтетикалық есірткі екендігін айтты.

Сондай-ақ ол қаланың әртүрлі нүктелеріне басқа да шөптен жасалған улы заттарды таратушы екенін жайып салды.

Қазіргі уақытта тәркіленген заттарға сот-химиялық сараптама тағайындалды. Жедел бөлімшелер қалаға есірткінің жеткізілу арнасын және таралу аумағын анықтап жатыр.