Биыл елде 23 микроқаржы ұйымы мен 35 коллекторлық агенттіктің қызметі тоқтатылған

Сондай-ақ борыш жүктемесінің коэффициентін есептеу тәсілі де қатаңдатылып, микрокредиттік мекемелердің сыйақы мөлшерлемесі төмендетілді.

Бұл туралы мемлекет басшысына есеп берген Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы Мәдина Әбілқасымова айтты. Банктердің активтері де жыл басынан бері шамамен 14 пайызға өсіп, 43 триллион теңгеге жеткен. Халықтың салымдары болса 15 триллион теңгеден асты. Агенттік басшысы экономиканы несиелеу көрсеткішінде де оң серпін бар екенін мәлімдеді. Кездесу соңында Президент осы салада тұрақтылықты қамтамасыз етуге бағытталған бірқатар міндет жүктеді.

Мемлекет басшысы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы Мәдина Әбілқасымованы қабылдады. Президентке биыл 11 айда қаржы нарығын дамыту және қаржы ұйымдарын реттеу жөнінде атқарылған жұмыстардың қорытындысы туралы есеп берілді. Мемлекет басшысына биылғы күрделі макроэкономикалық жағдайларға қарамастан банк секторының тұрақтылығы мен орнықтылығы қамтамасыз етілгені жөнінде баяндалды.