Оралда қоқыс жәшігінен жаңа туған нәресте табылды

Оқиға Шамелов көшесінің бойында болған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Әлдекім шақалақты пакетке салып тастап кеткен. Әйтеуір бала аман-есен. Оны сол маңайдағы тұрғындар тауып алды. Қазір шақалақ дәрігерлердің бақылауында. Полиция департаментінің мәліметінше, көп ұзамай безбүйрек ана ұсталған. Тергеу жалғасып жатыр. Ведомство өкілдері өзге мәліметтерді беруден бас тартты.

Лунара Аманғалиева, облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекші маманы:

- Оқиға орнына келгеннен кейін полиция қызметкерлері ер баланы шұғыл түрде ауруханаға жеткізді. Қазіргі уақытта ҚР ҚК 119-бабының 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.