Қостанай облысында екі үй өртенді

Бүгін Қостанай облысында ірі өрт болды.

Заречный ауылында екі үй отқа оранды. Қызыл жалын 200 шаршы метр аумақты шарпыды. Өртті сөндіруге 11 өрт сөндіру техникасы мен 39 құтқарушы жұмылдырылды. Оқиға орнынан сыртқа шығарылған үш газ баллоны атылып, жақын жерде тұрған көлік жанып кеткен. Абырой болғанда, зардап шеккендер жоқ. Тұрғындар дін аман. Өртті толық сөндіруге бір сағат уақыт кетті.