Жетісуда газ құбырын қасақана ұзын етіп көрсетіп ақша жымқырмақ болған

Жетісу облысында 26 шақырым газ құбырын 75 шақырым деп көрсеткен.

Сөйтіп, 26 емес 75 шақырымға қаржы алмақ болған. Бұл әрекетті прокуратура мен әкімдік әшкереледі. Мамандар Ескелді ауданына барып, көгілдір отын тартылуы тиіс көшелердің ұзындығын көзбе-көз есептеген. Соның нәтижесінде қылмыс анықталды. Әрі жоба жүзеге аспай тұрып, тиісті шара қабылдады. 

Ләйлім Әбілмәжінова, облыс прокурорының көмекшісі:

- Прокуратура актісі бойынша негізсіз енгізілген жұмыстар жойылды және шарт сомасы азайтылды. Кінәлі лауазымды тұлғалар тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Осы жұмыстар нәтижесінде 150 млн теңге мемлекет қаражаты үнемделді.