Жүк тиеген көлік жолдан шығып кетті

Алматыдағы Әл-Фараби даңғылында жиектас тиеген ірі жүк көлігі қарсы бетке шығып кетіп, бірнеше көлікті қақты.

Бұл туралы қалалық полиция департаменті хабарлады. Куәгерлер түсірген бейнежазбада бетон жиектастардың жолға шашылғанын байқауға болады. Қазіргі уақытта апаттың нақты себебі анықталып жатыр.  

Салтанат Әзірбек, Алматы қаласы ПД ресми өкілі:
- «Мерседес» автокөлігінің жүргізушісі Жамақаев көшесі бойымен солтүстік бағытта келе жатып, әл-Фараби даңғылының қиылысында бөлгіш қоршауға соғылып, батысқа қарай келе жатқан үш көлікпен соқтығысқан. ЖКО-сы салдарынан жүк көлігінің жүргізушісі мен жолаушысы зардап шекті.