Алматыда жүк көлігі 4 жеңіл көлікті соқты

Техникалық ақаудан болып, Алматыда ірі жол апаты орын алды.

Жүк көлігінің жүргізушісі тежегіштің істен шыққанын айтты. Бұл деректі Бостандық аудандық полиция басқармасының қызметкерлері тіркеп, өндіріске енгізді. Тиісті сараптамалар тағайындалып, мән-жайлары анықталып жатыр.

Айта кетейік, ауыр техника 4 жеңіл көлікпен соқтығысқан. Медициналық көмекке алты адам жүгінді. Оның ішінде жүк көлігінің жүргізушісі де бар.