Самара-Шымкент тас жолында жол апатынан 6 адам қаза тапты

Батыс Қазақстан облысы Самара-Шымкент тас жолында болған жол апатынан 6 адам қаза тапты.

Оқиға кеше кешкі жетілер шамасында тіркелген. Ауыр жүк фурасы мен жеңіл көліктің соқтығысуынан 33 және 34 жастағы ересектер мен 11, 12, 5 және 1 жасар бала көз жұмды. Сондай-ақжүк машинасының жүргізушісі зардап шеккен.

Шыңғыс Бірманов, БҚО ПД полиция батальоны командирінің орынбасары:

- Қала тұрғындары бүгін Самара тас жолының 290 шақырымында «Приора» маркалы автокөлігімен фура жүк көлік соқтығысып, салдарынан 6 адам көз жұмды. Құрметті жүргізушілер, жолда жүргенде бас-көз маневрыңызды қосуларыңызды, жылдамдықты асырмауыңызды сұраймыз.