СҚО-да «Бүркіт» жасағының сарбазы оқыстан қаза тапты

Солтүстік Қазақстан облысында «Бүркіт» арнайы жасағының сержанты қызметте жүріп қаза тапты.

Оқыс оқиға кеше болды. Қылмыскерлерді ұстау кезінде сержантты әріптесі байқамай атып жіберген. Сөйтіп, ішіне оқ тиген сарбазды жедел ауруханаға жеткізген. Өкінішке қарай, сержант сол жерде жан тапсырды. Қазір қайғылы жайтқа байланысты сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

Марқұм Ұлттық ұланның 66/37 әскери бөлімінде келісімшарт бойынша жүргізуші болып жұмыс істеген. Артында әйелі мен бала-шағасы қалды.     

Мейіржан Қасымжанов, Петропавл гарнизонының әскери прокуроры:

- ҚР ІІМ орталық өңірлік әскери тергеу басқармасының Петропавл тобымен ҚР ҚК 462-бабы 2-бөлігіне қарасты қылмыстық іс басталды. Бүгінгі таңда қылмыстық іс бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Тиісті сот сараптамалары тағайындалды.