Алматы облысында қойма өртенді

Еңбекшіқазақ ауданы Бәйтерек ауылында майлық өндіретін цехта болған алапат өрт толық сөндірілді.

Қызыл жалын мың шаршы метрді шарпыған. Оқиға орнына 60-қа жуық өрт сөндіруші мен 20-дан астам арнайы техника жұмылдырылды. Төтенше жағдай департаментінің ақпараты бойынша зардап шеккендер жоқ. Тілсіз жаудың шығу себебі анықталып жатыр.