Ақмолада Алуа суару жүйесінің бөгеті суға толды

Ақмола облысында Алуа суару жүйесінің бөгеті суға толып, тасқын қаупі төнді.

Бұл гидронысан Қаражар мен Ақмол елді мекендерінің арасында орналасқан. Төтенше жағдайлар департаменті мен жергілікті атқарушы орган қызметкерлері бөгет айналасын нығайту жұмыстарын жүргізді. Сонымен қатар тұрғындар да қол ұшын созды. Қазір елді мекендерге қауіп жоқ, дейді мамандар.