Республика. «Мың бала» байқауы

Олар қазақ тілін білуді өзінің міндеті деп санайды.

ҚХА ұйымдастырған «Мың бала» республикалық мәдени-ағартушылық жобасы көптеген жастарға мемлекеттік тілді меңгеруге мүмкіндік берді. Жалпы байқауға қатысу үшін 240 мыңға жуық өтініш түсті. Жастар Қазақстанның Тәуелсіздігі, бірлігі мен халқының арасындағы келісім жайлы жазды. Нәтижесінде 45 мың үздік анықталды. 1000 оқушы қазақ тілін меңгеру идеясын насихаттайтын еріктілер қатарына алынды.