352.09 431.00 5.39
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қ.Әбдірахманов пен Р.Мередов Каспий саммитіне дайындық барысын талқылады

  • 129
Қ.Әбдірахманов пен Р.Мередов Каспий саммитіне дайындық барысын талқылады

Қазақстан Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов және Түрікменстан Министрлер кабинеті төрағасының орынбасары – Сыртқы істер министрі Рашид Мередов екі мемлекет басшыларының алдағы жоғары деңгейдегі кездесулердің дайындық мәселелерін телефон арқылы талқылады.

Тиімді саяси өзара ықпалдастық, кеңейетін сауда-экономикалық ынтымақтастық және күшейіп келе жатқан мәдени-гуманитарлық байланыстар дәлел болып табылатын қазақ-түркімен қатынастарының жоғары динамикасы атап өтілді.

Тараптар алдағы Ақтау қаласында өтетін Бесінші Каспий саммитінің ұйымдастыру және мазмұндық аспектілерін әзірлеуге ерекше назар аударды, сондай-ақ биыл 25 жылдық мерейтойын атап өтетін Халықаралық Аралды құтқару қорының негізін қалаушы мемлекеттер ретінде бірлескен әрекетті талқылады.

Ақпарат көзі: ҚР СІМ баспасөз қызметі

Хабар 24 телеарнасы