359.00 431.00 5.39
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

«Хабар 24» тілшісі БҰҰ Бас ассамблеясының төрағасынан эксклюзивті сұхбат алды

  • 191

Қазақстан жаһанда бейбітшілік болғанын қалайды.

БҰҰ Бас ассамблеясының төрағасы Мирослав Лайчак Халықаралық ядролық сынақтарға қарсы іс-қимыл күні аясында арнамызға берген сұхбатында осылай деп мәлімдеді. Танымал саясаткер әлемді ядролық сынақтан түбегейлі бас тартуға шақырды. Сондай-ақ ядролық қарудың көзін жою жолында Қазақстанның қосқан үлесін айтып, алғысын білдірді.

2009 жылдың желтоқсанында Қазақстанның бастамасы бойынша БҰҰ Бас ассамблеясы Халықаралық ядролық сынақтарға қарсы іс-қимыл күнін жариялау туралы шешім қабылдады. Содан бері жыл сайын 29 тамыз, яғни Семей полигонының ресми жабылған күні атап өтіледі.

Мирослав Лайчак, БҰҰ Бас ассамблеясының төрағасы:

- Бұл өте маңызды күн. Халықаралық ядролық сынақтарға қарсы іс-қимыл күні аясында алғаш рет жоғары деңгейде ауқымды кездесу ұйымдастырмамыз. Мақсат – ядролық қарусыз бейбіт өмірге қол жеткізудің маңыздылығын түсіндіру. Бұл бағытта Қазақстан елеулі үлес қосты. Сол себепті ел Президентіне алғыс айтқым келеді.

Көптеген халықаралық келісімдерге қарамастан, жаппай қырып-жою қаупі бар қарудан бүкіл әлем бас тарта қойған жоқ. БҰҰ Бас ассамблеясының төрағасы Мирослав Лайчактың айтуынша, Ядролық сынақтарға жаппай тыйым салу туралы шарт 20 жылдан астам мерзімге ратификациялауға ашық. Әлі сегіз ел оған қол қоймаған.

Мирослав Лайчак, БҰҰ Бас ассамблеясының төрағасы:

- Әзірше ол қоймаған мемлекеттерді осы істі аяқтап, Келісімді ратификациялауға шақырамын. Сонда ол күшіне енетін болады. Қазақстанмен бірігіп ұйымдастырылғалы отырған шара бұл бағыт бойынша маңызды үндеу болады деп ойлаймын. Қазақ елі бұған үлгі болары сөзсіз. Сіздің ел халықаралық ұйымда маңызды әрі жауапты рөл атқарады. Бұл орайда БҰҰ Қауіпсіздік кеңесіндегі мүшелігі оған дәлел. Қазақстан мұнда тек өз мүддесін қорғап қана қоймай, әлем бейбітшілкте өмір сүруі тиіс екендігін аңғартты. 

Авторлары: Майра Абдрахманова, Ренат Садыров

Хабар 24 телеарнасы