И.Рогов Кешірім жасау мәселелері жөніндегі комиссия құрамынан шығарылды
«Кешірім жасау мәселелері жөніндегі комиссия туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 5 шілдедегі №140 Жарлығына өзгерістер енгізілді. Президент тиісті жарлыққа қол қойды.
ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
- «Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Кешірім жасау мәселелері жөніндегі комиссия туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 5 шілдедегі № 140 Жарлығына мынадай өзгерістер енгізілсін:
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Кешірім жасау мәселелері жөніндегі комиссияның құрамына енгізілсін:
Әбдіров Нұрлан Мәжитұлы - Қазақстан Республикасының Парламенті Сенаты Төрағасының орынбасары, төраға (келісім бойынша);
аталған Комиссияның құрамынан И.И.Рогов шығарылсын.
- Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.