Жағдай тұрақталса ҰҚШҰ әскерлері елден шұғыл шығарылады

dknews.kz

Ұжымдық қауіпсіздік және шарт ұйымының күштеріне жүгіну, ел азаматтарының қауіпсіздігін, елдің аумақтық тұтастығын сақтау мақсатында жасалды.

Қосымша әскер шақыруға елге сыртқы күштердің шабуылдауы себеп болды. Жағдай тұрақталысымен бұл әскерилер елден шұғыл түрде шығарылады. Қазақстан Парламенті Мәжілісінің депутаты Ерлан Саиров осындай пікірде. 

Ерлан Саиров, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

- Ең негізгі мәселе Қазақстан өзінің бұрынғы тұрақты өмір ритміне қайтып келуі керек. Сол кезде ұжымдық күштер Қазақстаннан қысқа мерзімде шығады. Қазақстан сыртқы күштердің яғни сыртқы террорлық күштердің шабуылына тап болды. Енді сыртқы террорлық күштер Қазақстанға келгеннен кейін біз бұрыннан бері мүше болып келе жатқан ұжымдық күштерге жүгінуге мәжбүр болып отырмыз.

Президент елдегі жағдайға байланысты бірқатар тапсырма берді.

Бұған дейін үкімет отставкаға кеткен болатын. Премьер-министрдің қызметін уақытша Әлихан Смайылов атқарады. Ерлан Қарин Мемлекеттік хатшы болып тағайындалды. Ал Алматы мен Маңғыстау облысында төтенше жағдай режимі енгізілді. Жалпы бұған дейін Қазақстанда төтенше жағдай неше рет жарияланды. Төтенше жағдай кезінде нені білу керек.

Бұған дейін айтылғандай, газ бағасын арнайы комиссия реттейді. Ал Сенат төрағасы наразылық шарасы диалог негізінде шешілу керектігін айтқан. Сондай-ақ газ бағасының көтерілуіне қатысты тергеу жүріп жатыр

Осы тақырып бойынша өзге тақырыптар:

Ел неге толқыды

Маңғыстау облысында газ бағасы 50 теңге болды

Ақтөбеде газ бағасы 50 теңгеге түсті

Тоқаев елдегі жағдайға байланысты мәлімдеме жасады

Маңғыстау облысының әкімі наразылық білдірген жаңаөзендіктермен кездесті

Қ.Тоқаев Қазақстан халқына үндеу жасады. 

Лаңкестермен ешқандай келісім болмайды – Қ.Тоқаев

Қ.Тоқаев 11 қаңтарда Үкіметке нақты тапсырмалар береді

Алматыдағы бүлік кезінде Almaty телеарнасының қызметкері қаза тапты

Банктер 10 қаңтарға дейін жұмыс істемейді

Жаппай тәртіпсіздік кезінде Ұлттық ұланның 2 сарбазы қаза тапты

ҚР ІІМ: күштік құрылымдардың 18 қызметкері қаза тапты

Түркітілдес мемлекеттер ұйымы қолдау көрсетуге дайын

Ұжымдық қауіпсіздік шарт ұйымы бізге не береді?