Алматыға шабуыл жасаған бандиттер қонақүйге өзінің командалық штабын орналастырған – Президент

Алматыға шабуыл жасаған бандиттер қонақүйге өзінің командалық штабын орналастырған – Президент

Алматыға шабуылдаған бандиттік топтың ішінде есірткі шегіп алғандар болған.

Сөйтіп, олар жараланған кезде қатты ауырсынбаған. Мұны арнамызға сұхбат берген кезінде Мемлекет басшысы айтты. Қасым-Жомарт Тоқаев «шабуылдағандар арасында ақпараттық технологияларды жетік меңгергендер болған» деді. Тіпті бандиттердің кейбірі бес жұлдызды қонақүйде тұрған.

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

- Қызықты дерек. Бандиттік топтың бірі Алматыда бес жұлдызды қонақ үйде тұрған. Оларға сонша ақшаны кім төледі. Кім қаржыландырды? Сөйтіп, әлгі топ «Қазақстан» қонақ үйінің бірінші қабатына өздерінің командалық штабын орналастырған. Қазір тергеу жүріп жатыр. Бәрі анықталады. 

Ал Қасым-Жомарт Тоқаев пен Нұрсұлтан Назарбаев қандай да бір келісімге келді ме? Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев қызметінен кете ме? Президент бұл сұрақтарға да жауап берді. Әрі өзінің Мемлекет басшысы лауазымында отыру мерзіміне қатысты да пікір білдірді.

Сұхбатты бүгін сағат 20:00-де «Хабар 24» және «Хабар» арналарынан көре аласыздар.