Президент Татарстанмен автомобиль өндірісіндегі серіктестікті нығайтуға мүдделі – Оразғали Селтеев

Қазақстан Президентінің Ресейге жұмыс сапары бүгін Қазан қаласында жалғасты.

Еуразиялық интеграция институты басшысының пікірінше, бұл қала бекер таңдалмаған. Оразғали Селтеевтің пікірінше, үздіксіз экономикалық қолдауға қол жеткізу үшін осы өңірге ел Президенті арнайы ат басын бұрған. Татарстанға сапары осы өңірден энергетика, машина жасау және мұнай-химия саласындағы ынтымақтастықты берік ету үшін маңызды.  

Оразғали Селтеев, Еуразиялық интеграция институтының басшысы:

– Ел Президенті Қазанда автомобиль өндірісіндегі алпауытпен серіктестікті нығайта түсуге мүдделі деп ойлаймын. Себебі арадағы қарым-қатынасты жандандыра түскен абзал. Ал Танеко ең ірі мұнай өңдеу кәсіпорны екені белгілі. Бізде, шын мәнінде, мұнай химиясында үлкен әлеует бар. Жылдар бойы осы сала кенжелеп қалды. Қазір қолға алатын кез келді.