Президент әкімшілігі Рақымжан Қошқарбаевтың ескерткішіне гүл шоғын қойды

Президент әкімшілігі Рақымжан Қошқарбаевтың ескерткішіне гүл шоғын қойды
Ақорда

Бүгін Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігінің басшылығы Рейхстагқа бірінші болып ту тіккен қазақ халқының ұлы перзенті, «Халық Қаһарманы» Рақымжан Қошқарбаевтың ескерткішіне гүл шоғын қойып, қазақстандық жауынгерлердің рухына тағзым етті.

Салтанатты шараға Президент Әкімшілігінің Басшысы Мұрат Нұртілеу мен Президент Әкімшілігі Басшысының орынбасары Аида Балаева қатысты, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.