Даниал Ахметовтің қызметтік өкілеттігі 1 жылға ұзартылды

Даниал Ахметовтің қызметтік өкілеттігі 1 жылға ұзартылды
blogspot.com

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметовтің өкілеттігі 1 жылға ұзартылды.

Бұл жайлы Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Руслан Желдібай әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

«Бүгін Президенттің Жарлығына сәйкес, Даниал Кенжетайұлы Ахметовтің мол тәжірибесі ескеріліп, оның қызметтік өкілеттігі бір жылға ұзартылды» деп жазды ол.

Айта кетсек, экономика ғылымдарының докторы, академик Даниал Ахметов Павлодар облысының әкімі, ҚР Премьер-Министрі, ҚР Қорғаныс министрі қызметтерін атқарған. Еуразиялық экономикалық комиссияның энергетика және инфрақұрылым жөніндегі Алқа мүшесі болды.

2014 жылдан бері Шығыс Қазақстан облысының әкімі қызметін атқарып келеді.