ҚР СІМ басшысы Үндістанның сыртқы істер және мәдениет жөніндегі министрімен кездесті

ҚР СІМ басшысы Үндістанның сыртқы істер және мәдениет жөніндегі министрімен кездесті

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Үндістан Республикасының Сыртқы істер және мәдениет жөніндегі мемлекеттік министрі Минакши Лекхимен кездесу өткізді.

Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Әңгімелесу барысында тараптар екіжақты қарым-қатынастардың барлық спектрі бойынша Қазақстан-Үндістан ынтымақтастығының оң динамикасын қанағаттанушылықпен атап өтіп, халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша пікір алмасты. Екі мемлекеттің көпжақты алаңдар, соның ішінде АӨСШК және Орталық Азия – Үндістан шеңберіндегі өзара іс-қимыл жолдары, сондай-ақ алдағы жоғары және аса жоғары деңгейдегі сапарлар кестесі талқыланды.

Тараптар Қазақстан мен Үндістан арасындағы стратегиялық серіктестікті одан әрі нығайту үшін түрлі деңгейдегі диалогты жалғастыруға келісті.