Қырғызстанда бас қосқан ЕЭО өкілдері ортақ газ нарығын құру мәселесін шешуде

Шолпан-Атада Еуразиялық экономикалық одаққа мүше елдердің Үкімет басшылары ортақ газ нарығын құру мен өнеркәсіп кооперациясын талқылады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Сонымен қатар үкіметаралық кеңестің отырысында алкоголь нарығын реттеу және электрондық сауда кезінде салық салу мәселелері сөз болды. Еуразиялық қайта сақтандыру компаниясын құру туралы келісім жобасы, көлік саласындағы басымдыққа ие инфрақұрылымдық жобалар тізбесі, одақтың  ішкі нарығындағы кедергілерді жою жөніндегі жұмыс қарқыны да осы жиында қаралды. Сапар барысында  Қазақстан Премьер-Министрі Әлихан Смайылов делегация басшыларымен бірге Қырғыз Республикасының президенті Садыр Жапаровпен кездесті.