Дәстүрлі діндер көшбасшылары съезінің пленарлық отырысы аяқталды

Дәстүрлі діндер көшбасшылары съезінің пленарлық отырысы аяқталды

Елордада Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VII съезі пленарлық отырысының негізгі кезеңі жұмысын аяқтады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оның ашылу салтанатына 50 елден 100-ден астам делегация қатысты. Маңызды шараға қатысуға Ватикан мен Рим-Католик шіркеуінің басшысы Рим Папасы Франциск арнайы келді. Қазір арна тілшілері тікелей байланысқа шығып ақпар берді. Руслан Бақытбек съезд жұмысының алғашқы бөлімінен ақпар берді.

Юдит Судиловски, «Jerusalem post» тілшісі:

– Бұл менің Қазақстанға алғаш келуім. Сіздің мемлекетіңіз осындай ауқымды шараны өте жоғары деңгейде өткізіп жатқанына куәміз. Мұнда әлемнің түкіпір-түкпірінен келген түрлі дін өкілдері бар. Бізге осы жерде жұмыс істеп, материал жазу өте қызықты.